Halyq Uni логотип
×

«Тексеру жүреді»: Министрлік желіде тарап жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Тексеруге жататын жұмыс берушілердің тізбесін қалыптастыру автоматты режимде іске асады

 Динара Амантай 19.05.2023 | 10:17
«Тексеру жүреді»: Министрлік желіде тарап жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 22 мамырдан бастап жұмыс берушілердің еңбек шарттарын Enbek.kz порталында тіркеуі және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының болуы тұрғысынан тексеру туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 15-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Бүгінде мұндай шарттарды заңды тұлғалардың жалпы санының 32,5%-ы ғана жасаған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабына сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасаспау шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 160 АЕК (552 мың теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК (1 млн 380 мың теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК (3 млн 450 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлерінің «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына 2023 жылдың 2 мамырында өзгерістер енгізілді. Өзгерістерге сәйкес, профилактикалық тексеруге жататын жұмыс берушілердің тізбесін қалыптастыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде автоматты режимде іске асады. Автоматтандыруды енгізу бұзушылықтары бар жосықсыз жұмыс берушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте өз қызметін заңнамаға сәйкес іске асыратын жұмыс берушілер тексеруден өтпейді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, профилактикалық бақылау аясында жұмыс берушінің ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 15-тармақшасын бұзғанын алғаш анықтаған кезде мемлекеттік еңбек инспекторлары ескерту жасайды және оны жоюға тиісті нұсқама береді, қайта анықтаған кезде әкімшілік айыппұл салынады.

Бұдан басқа, ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне толықтырулар туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен орналастыруға (hr.enbek.kz арқылы) міндетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама