Halyq Uni логотип
×

«Артынан оқ атып, досын бауыздаған»: белгілі әзілкеш әкесінің кісі қолынан қаза тапқанын айтты

Әзілкеш әкесі 2001 жылы кісі қолынан қаза тапқанын мәлідеді.

 Халық үні 19.05.2023 | 08:25
«Артынан оқ атып, досын бауыздаған»: белгілі әзілкеш әкесінің кісі қолынан қаза тапқанын айтты
Фото: видеодан алынды

Асаба, әзілкеш, «Колобок» лақап атымен танылған Елдос Кәдірханов әкесінің кісі қолынан қаза тапқанын айтты. Өнерпаздың әкесін өзінің достары өлтірген. Бұл туралы Елдос Аман Тасығанға   Talklike бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.

Әзілкеш әкесі 2001 жылы кісі қолынан қаза тапқанын мәлідеді.

«Әкем ет саудасымен айналысатын. Достары әкеме бір үлкен ет сататын орталыққа барайық деп Леңгірге алып кетеді. Сол күні әкеммен бірге төрт адам көлікке отырып,жолға шығады. Сол көліктің артында отырған достары әкемнің артынан оқ атады. Ал рөлде отырған әкемнің досы көлікті тоқтатқанда мойнынн пышақпен бауыздайды. Бұл енді біздің естігеніміз», – дейді әзілкеш.

Оның айтуынша, кісі өлтірген ұйымдасқан топ қылмысты жасыру үшін көлікті өртеп, қырдан итеріп жіберген.

«Өлтірген соң  көлікті өртеген, сосын оны қырдан итеріп жіберген. Сондай жағдай болған. Екі отбасы ойран болды. Орын толмас қаза. Әкемнің артында 2 бала қалса, әкемнің досының 3-4 баласы әкесіз қалды, асыраушысыз қалды. Анам үйде отыратын болған соң біз қиналып қалдық. Әкем ол кезде 34-те еді. Мен ол кезде 9 жасар, інім 7-де. Анам үшеуміз қалдық»,–  дейді Елдос Кәдірханов.

Әзілкеш  қылмыскерлерге қатты кектенгенін, тіпті сол кезде бұзақы болып, әкесінің кегін қайтармақшы болғанын айтты.

«Басында әкем қайтқанда түсінбейтінбіз. Әкем қайда деп анамнан сұрағанда, ол кісі жылай беретін. Уақыт өте әкеміздің келмейтінін түсініп, інім екеуміз өскенде «бандит» боламыз дейтінбіз. Өлтірген кісілер біреуі 27, біреу 28 жылға түрмеге отырып кетті. Інім екеуміз өскенде әкеміздің кегін қайтарамыз деп жоспарлайтынбыз. Себебі ол кезде қатты қиналдық. Әкеміздің келмейтінін білдік,сосын ерте есеюге тура келді. Анамызға көмектесіп, 8-сыныпта жұмыс істедім. Әкемнің жалғыз жан досы болатын, екеуі бірге көтерілді, бірге сол көлікте қайтыс болып кетті», – деп әкесін еске алды ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама