Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да кісі өлтіргені үшін сотталған ер адам мерзімінен бұрын босатылып, қайтадан қамауға алынды


Ұсталған азамат бұған дейін ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен (Адам өлтіру) сотталған болатын

 Халық үні 19.05.2023 | 06:27
ШҚО-да кісі өлтіргені үшін сотталған ер адам мерзімінен бұрын босатылып, қайтадан қамауға алынды
Фото: polisia.kz

ШҚО полицейлері іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 30 жастағы іздестірудегі қылмыскерді ұстады.

Ұсталған азамат бұған дейін ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен (Адам өлтіру) сотталған болатын. Сот қаулысына сәйкес, ол қалған өтелмеген мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алайда тұрғылықты жеріне келмеген, сәйкесінше оған Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен іздестіру жарияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан құқық қорғау органдары іздестірудегі  40 қылмыскерді ұстады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама