×

Шымкентте мұғалімді неке түні өлтірген күйеуіне сот үкімі шықты

Осы оқиғаға қатысты қайтыс болған қыздың анасы әділдік іздеп, көпшіліктен көмек сұраған болатын

 Халық үні 18.05.2023 | 23:49
Фото: polisia.kz

Әйелін неке түнінде өлтірген қазақстандық азаматқа сот үкімі шықты. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде хабарлады.

Осы оқиғаға қатысты қайтыс болған қыздың анасы әділдік іздеп, көпшіліктен көмек сұраған болатын.

«Қызымды күйеуі неке түнінде өлтіріп қойды» деп шырылдаған ананың жанайқайын Сіздерге былтыр жеткізіп, осында бөліскен едім. Бүгін сот жігітке 9 жылға үкім кесті. «Қыз өзі құлап қалды» деп мойындамай құтылып кетпекші болған еді, қайта тағайындалған сараптама бәрін тайға таңба басқандай анықтап берді.

Бұл жігіт екі-үш айдай қашып жүрген, қыздың анасы генерал Қ.Дәлбековтің қабылдауына бір емес, екі рет кірсе де, полиция күдіктіні ұстауға асықпаған. Әділдік іздеп шаршаған ана маған келген соң ғана қашып жүрген жігіт бірден табылып, қылмыстық іс дұрыс бағытта жүре бастаған. Ал оған дейін қыздың өзін «құлап қалды» деп көрсетпекші болған…», - дейді заңгер.

Айта кетейік, өткен жылы тамызда Шымкентте Назарбаев мектебінде ұстаз болып еңбек етіп жүрген 32 жастағы қыз неке түні күйеуінің қолынан қаза тапқаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама