×

Қостанайға 50 млн теңгенің темекісін заңсыз жеткізген шетелдік ұсталды

Құзырлы орган қызметкерлері тауарды тәркіледі

 Дәурен Ерболат 18.05.2023 | 17:49
Фото: ҰҚК

Ресейден 50 млн теңгенің темекісін заңсыз әкеле жатқан шетелдік ұсталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Биыл 17 мамырда «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлерімен бірлесіп, шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тексерді. Нәтижесінде көліктен акциздік маркілері мен ілеспе құжаттары жоқ 205 қорап темекі анықталды. Алдын ала есеп бойынша тәркіленген тауардың құны 50 млн теңгеден асады.

Күдікті мен жүк өңірдегі Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама