Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында ауылдардың атауы қазақшаланады

Облыстық мәслихат тиісті шешімді қабылдаған

 Дәурен Ерболат 18.05.2023 | 17:20
Ақмола облысында ауылдардың атауы қазақшаланады
Фото: pkzsk.info

Ақмола облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады. Облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округінің Самарқа ауылын Бөріктал ауылы, Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауылы Амантай ауылы, Мариновка ауылдық округін Амантай ауылдық округі деп қайта атау мақұлданды.

Карамышев ауылдық округі Шұбарағаш ауылдық округі болып өзгереді. Ермол ауылдық округі Тоқтамыс ауылдық округі, ал Купчановка ауылы Байтас ауылы деп аталатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама