Полицияға оқиғаның мән-жайын толық анықтайды
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров еліміздегі білім ордаларында қандай қылмыс жиі тіркелетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мектепте қылмыс аз жасалады. Болған күннің өзінде ол ұрлық болып саналады. Қателеспесем, былтыр білім беру мекемелерінде шамамен 100 қылмыс жасалды. Оның 98%-ы – ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін, ұялы телефонды ұрлауға қатысты. Бұл – Қазақстан бойынша дерек, - деді ол ОКҚ-да өткен дөңгелек үстелде.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда педофил құрбаны болған балалардың құқығы қалай қорғалып жатқаны айтылған еді.