Атырауда белгісіз адамдар итке арматура қадап кеткен (ВИДЕО)

Дастан Жұмабекұлы

Оның еті, сіңірлері мен сүйегі зақымдалған

Фото: stan.kz

Атырауда белгісіз адамдар иттің жамбасына арматура қадап кеткен.

Stan.kz кинолог Мамучар Карловичтің сөзін келтіріп, иттің көп қан жоғалтқанын хабарлады.

Кинологтың айтуынша, ол хабарлама алған соң бірден оқиға орнына барған. Егер уақытында бармаса, ит көп қан жоғалтып, өліп қалуы әбден мүмкін еді.  

Келген соң арматураның жерге қадалып тұрғанын көрдік, ал итті арматураға жаншып тастаған. Содан ол көп қан жоғалтып, әлсіреп қалыпты. Жараға  дәрі салдық. Қазір ояу, демалып жатыр, – деді кинолог. 

Тексеру кезінде итте ашық сан жарақаты бар екені анықталған. Оның еті, сіңірлері мен сүйегі зақымдалған.  

Кинолог итті азаптағандар тезірек табылып, жауапқа тартылса дейді.

Ал Polisia.kz-тің хабарлауынша, Атырау қалалық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмысын жүргізіп, 17 мамырда сағат 12:00 шамасында жазбадағы иттің өзі жарақаттанғанын анықтаған.