Halyq Uni логотип
×

Тоқаевтың туыстарының қандай қызметтерді атқара алмайтыны айтылды

Президенттің туыстары ұлттық компанияларда басшылық лауазым атқара алмайды

 Ербол Тұрымбет 18.04.2022 | 11:36
Тоқаевтың туыстарының қандай қызметтерді атқара алмайтыны айтылды
фото: Қасым-Жомарт Тоқаев және Тимур Тоқаев

Қазақстанда президенттің ағасы, әпкесі, балалары ұлттық компанияларға басшылық қызметке орналаса алмайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.

Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстан президентінің жақын туыстары қандай қызметтерді атқара алмайтынын айтты.

  • министр;
  • министрдің орынбасары;
  • мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың басшысы.

«Мәселен, президенттің қарындасы, ағасы немесе балалары «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда басшылық лауазым атқара алмайды», - деді министр.

Президенттің жақын туыстарына - ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама да жекжаттар, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгілейді.

«Өз кезегінде, Президент Жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі айқындалып, оларға министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар жатқызылған», - деп атап өтті Қанат Мусин.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың күйеу баласы саяси қызметінен босатыла ма?

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында ҚР президентінің жақын туыстарына қандай тыйым салынатынын айтты.

«Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сондықтан президенттің жақын туыстары үшін саяси мемлекеттік қызметтегі және квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдарға орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады», – деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама