Моңғолияда қазақтың ұлттық спорт түрлері жаңа қарқынмен дамымақ
Биыл Баян-Өлгейде аударыспақтан Азия біріншілігін өткізу жоспары талқыланды
Бүгін ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов Моңғолиядағы Қазақ ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті Ром Әуесханмен кездесті.
Кездесуде қос тарап қазақ ұлттық спортының дамуы мен екі ел арасындағы жұмыс жоспарлары жөнінде сөз қозғады.
Сондай-ақ, басқосуда қыркүйек айында Баян-Өлгейде аударыспақтан Азия біріншілігі өткізу жоспарын талқылады.
Айта кетейік, өткен аптада Алматыда Қазақстанның «Аудыраспақ» федерациясы өкілдері Моңғолиядан келген делегациямен кездесіп, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Сол кездесуде Моңғолиядағы аударыспақ спортын дамыту мәселесі талқыланып, Дүниежүзілік халықаралық «Аударыспақ» федерациясын құру жөнінде тарихи шешім қабылданып, Дүниежүзілік халықаралық федерациясының президенті болып Марат Жұман сайланды.