Олардың орташа жасы – 59 жас
Қазақстанда ғылыми зерттеу институттарының басшылары қартайып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгінде елімізде 22 456 адам ғылыммен айналасады.
Ғылыми зерттеушілердің 37%-ы – ғылыми және академиялық дәрежеге ие. Бұл көрсеткіш жоғары емес. (Ғылымдағы) жастарға келсек, жағдай жаман емес. 35 жасқа дейінгі жас ғалымдардың үлесі – 34%, негізгі топ – 43% (35-54 жас аралығындағы ғалымдар), 55 жастан жоғары ғалымдар – 23%, - деді Саясат Нұрбек Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында.
Оның айтуынша, ғылыми зерттеу институттарының басшылары қартайып жатыр.
Мұнда басшы кадрлардың қартаюын байқап отырмыз. Ғылыми зерттеу институттары басшыларының орташа жасы – 59 жас. Академиктердің орташа жасы – 69 жас. Қазір 414 ғылыми ұйым мен нақты ғылыммен айналысатын 92 институт бар. Олар гранттық жобалар және ғылыми зерттеу аясында жұмыс істеп жатыр, - деді министр.
Сондай-ақ ол мемлекет көбінесе АШМ мен ДСМ-ге қарайтын институттарды қаржыландыратынын атап өтті.
«Ең көп қаржыны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми зерттеу институттары алып отыр. Биыл оларға 19 млрд-қа жуық теңге, ал Денсаулық сақтау министрлігінің институттарына 35 млрд-қа жуық теңге қарастылған», - деді ведомство басшысы.