Самара-Шымкент тасжолында адамдар қаза тапты
Көлікте 5 жасар бала да болған
Самара-Шымкент тасжолының 824 шақырымында Toyota RAV-4 пен Chevrolet Lacetti көліктері соқтығысып, соның салдарынан 2 адам қаза тапты.
Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы – Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ Chevrolet көлігінің 3 жолаушысы мен Toyota көлігіндегі 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар медициналық мекемеге жатқызылды.
Жол апатына қатысты тергеу басталды.