Ол Бішкекте 7 айдан бері тұрып келген
Қырғызстанда Қазақстанның азаматтығы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасында іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін ұстады. Ол 1990 жылы туған. Ұсталған азаматқа Алматы облысы аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары іздеу жариялаған, – делінген хабарламада.
Тексеру анықтағандай, С.А.А. есімді азамат Қырғызстанда былтырғы қараша айынан бері болған.