«Алматы СпецТехПаркинг Сервис» басшысы екі айға қамалды

Қымбат Елтайқызы

Бұған дейін Алматыда A-parking директоры да қамауға алынған еді

Марат Пірінбеков, фото: azattyq-ruhy.kz

Алматыдағы ақылы автотұрақтарды қадағалайтын «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков екі айға қамауға алынды. Ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады.

Сот Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылған.

Бұған дейін Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Алматы қаласында 11 мың ақылы автотұрақ орны бар. Оның ішінде 5 мыңы тротуарлық, яғни жолдың жиегіне қойылатын автомобильдер тұрағы.