«Алматы СпецТехПаркинг Сервис» басшысы екі айға қамалды
Бұған дейін Алматыда A-parking директоры да қамауға алынған еді
Алматыдағы ақылы автотұрақтарды қадағалайтын «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков екі айға қамауға алынды. Ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады.
Сот Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылған.
Бұған дейін Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Айта кетейік, Алматы қаласында 11 мың ақылы автотұрақ орны бар. Оның ішінде 5 мыңы тротуарлық, яғни жолдың жиегіне қойылатын автомобильдер тұрағы.