Алматыда балабақшаларға қабылдау басталды
Арнайы санаттағы азаматтар басым құқыққа ие
Алматыда мемлекеттік балабақшаларға қабылдау басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қабылдау 16 мамырдан маусымның ортасына дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі. Әскери қызметкерлердің, арнаулы ұйымдарда жұмыс істейтін ата-аналардың балалары және т.б. кезектен тыс басым құқыққа ие.
Сонымен қатар, бірінші кезекте мүгедектігі, ерекше білім беру қажеттілігі бар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар және басқа да санаттар тұр. Оларға үш жеңілдікті күн бар, содан кейін барлығына қолжетімділік кезегімен ашылады. Бұл 2021, 2020, 2019, 2018 жылы туған балаларға қатысты.
balabaqsha.bilimalmaty.kz сайтында топтарды жасақтау күндері, бос орындар туралы білуге және жолдама алу жөніндегі нұсқаулықты зерделеуге болады.
Толық ақпарат алу үшін 1308, +7 (727) 338-33-88 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.