×

Ақтөбе облысы жол сапасы жөнінен төменнен санағанда екінші орында – Ералы Тоғжанов

Биыл жол жөндеуге былтырғыдан 5,5 есе артық қаражат қарастырылып отыр

 Ербол Тұрымбет 17.05.2023 | 12:33
Фото: ortcomkz

Ақтөбе облысы жол сапасы бойынша өңірлер арасында төменнен санағанда екінші орында. Облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 72%-ды ғана құрайды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Мен осы Ақтөбе облысына барған бетте Парламенттің қабырғасында жүргенде өздеріңіз де (журналистер – ред.) осы сұрақты бастаған болатынсыздар. Біздің облыстың транзиттік мүмкіндігін ескеретін болсақ, маңызды сұрақ екені белгілі. Дегенмен, автожолдардың сапасын жақсарту біздің облыстағы ең өзекті мәселенің бірі. Облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі мен келгенде 66% болатын. Бүгін міне – 72%-ға жетіп отыр, – деді Ералы Тоғжанов.

Әкімнің айтуынша, облыстағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі осы жолдардың мәселесі. Өткен жылы 32 млрд теңгеге 536 шақырым жол жөнделген. Ал биыл 50,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Ол былтырғымен салыстырғанда 5,5 есеге артық қаражат. Оған 848 шақырым жергілікті маңызы бар автожолдар жөнделіп, салынады. Нәтижесінде, жыл соңында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 78%-ға жеткізу жоспарланып отырмыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама