Полиция күдіктінің кім екенін анықтады
Астанада жеңілдетілген автонесие арқылы тез көлік алмақ болған әйел алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлады Polisia.kz.
24 жастағы елордалық жеңілдетілген автонесиемен көлік алуға көмектесемін деп әйелден 400 мың теңге алған. Күдікті бір ай бойы жәбірленушіні автонесиемен көлікті тез аласыз деп сендірген. Алайда елордалықтан көңілі қалған әйел полициядан көмек сұрауға мәжбүр болды.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Есіл ауданы ПБ криминалды полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады.
Бұл дерек негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бүгінде күдіктінің елорда аумағында басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.