Бішкектің маңында қарулы қақтығыс болып жатыр (ВИДЕО)
Дмитриевка селосында арнайы операция басталды
Қырғызстаның астанасы – Бішкек қаласының маңында қарулы қақтығыс болып жатыр.
24.kg сайтының хабарлауынша, Шу облысының Дмитриевка селосында белгісіз біреулер дүкендер мен үйлерге шабуыл жасағысы келген. Одан ештеңе шықпаған соң, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Қазір елді мекенде қарулы қақтығыс одан әрі жалғасып жатыр. Ішкі істер ведомствосының 2 адамы жараланған.
Мешіт қоршауға алынды деген дерек бар.
Бұл елді мекен ел астанасына баратын жолда орналасқан. Сондықтан Дмитриевка-Бішкек тасжолы жабылған. Қалаға жақын жердегі ауылдар да қоршауға алынған.
Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, лаңкестік әрекет жасаған адамның бірі көз жұмған. Қазір оқиға орнында ІІМ мен Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қылмыстық топтың басқа адамдарын ұстау үшін арнайы операция бастады.