×

4 күндік және жылжымалы жұмыс кестесі: министрлік жаңа режимнің ерекшелігін түсіндірді

Өзгертулер Әлеуметтік кодекс шеңберінде енгізілді

 Динара Амантай 17.05.2023 | 09:55
Фото: sportishka.com

Елімізде жұмыспен қамтудың икемді нысандарын заңнамалық реттеу мақсатында Әлеуметтік кодекс шеңберінде заңнамада еңбек қызметінің 4 жаңа режимі бекітілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл қазақстандықтар үшін еңбек нарығына қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.

Жұмыспен қамтудың икемді нысандарының басты артықшылығы – жұмысшылардың еңбегін олардың жеке қажеттіліктерімен, әсіресе жұмыспен қамтудың дәстүрлі форматы ыңғайсыз болуы мүмкін және олардың еңбек нарығына қатысу мүмкіндіктерін шектейтін халықтың жекелеген топтары үшін үйлестіруге жағдай жасау.

Жұмыспен қамтудың икемді нысандарын заңнамалық реттеу мақсатында Әлеуметтік кодекс шеңберінде мынадай режимдер енгізілді:

Бірге жұмысқа орналастыру – бір жұмыс функциясын бірлесіп орындау үшін жұмыс берушінің бірнеше (әдетте екі) жұмысшыны қабылдауы. Мысалы, дәлелді себептерге байланысты (денсаулық жағдайы, отбасылық міндеттері және басқалары) азамат күннің жартысында ғана жұмыс істей алады, бұл жағдайда жұмыс беруші екінші жартысында басқа адамды сол позицияға тартады.

Бұл режим жасына, денсаулық жағдайына, балалардың болуына байланысты толық жұмыс күні жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың мүдделерін қорғауға, сондай-ақ оқушыларды оқудан бос уақытында жұмыстарды орындауға тартуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде жұмыс берушілер өндірістік процестің бұзылуын тудырмай, толық жұмыс кестесін сақтай алады.

Жылжымалы жұмыс кестесі – аптаның әртүрлі күндерінде жұмыс ауысымының әртүрлі ұзақтығымен жұмыс.

Жекелеген ұйымдардың ерекшелігі (сауда орталықтары, қоғамдық тамақтандыру орындары және басқалар) еңбек заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, жұмыс көлемін толық көлемде біркелкі бөлуге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты жылжымалы кестені енгізу арқылы жұмыс жүктемесінің көлемін ескере отырып, жұмысты ұйымдастыру (біркелкі бөлу) қамтамасыз етіледі.

Төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасының кезектесуі.

Бұл жұмыс кестесі қызметкердің өтініші бойынша белгіленуі мүмкін, бірақ жұмыс берушінің келісімі қажет.

Бұл режимді енгізу өндірістік процесті ескере отырып, қызметкерге жұмыс міндеттерін жеке және отбасылық қажеттіліктермен үйлестіруге мүмкіндік береді. Мұндай режимдегі жұмыс қызметкер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығына, еңбек өтілін және еңбек саласындағы басқа да құқықтарды есептеуге шектеулер туғызбайды.

Платформалық жұмыспен қамту – бұл негізгі және қосымша жұмыспен қамтудың рөлін атқара алатын қарқынды дамып келе жатқан икемді жұмыс форматы.

Платформалық жұмыспен қамтудың басты артықшылығы – негізгі жұмыспен, жұмыс уақытының икемділігімен, жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігімен үйлесу мүмкіндігі.

Еңбек қатынастарының икемді нысандарын енгізу және дамыту қызметкерлер үшін қосымша табыс алуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, еңбек ұтқырлығын арттыруға, сондай-ақ жұмысшылардың еңбегін олардың жеке қажеттіліктерімен (отбасы, оқыту, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) ұштастыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама