Halyq Uni логотип
×

Өзбекстанда қазақ боксшысын «Мен қазақпын» әнімен қарсы алды

Сонымен бірге Руслан Абдуллаевқа көліктің кілті табыс етілді

 Халық үні 16.05.2023 | 21:07
Өзбекстанда қазақ боксшысын «Мен қазақпын» әнімен қарсы алды
Коллаж Qaz365.kz

Qaz365.kz сайтының хабарлауынша, Өзбекстанда бокстан ерексектер арасында өткен әлем чемпионатына осы елдің атынан қатысқан этникалық қазақ спортшысы Руслан Абдуллаевты туған-туыстары өзбек елінің туымен келгенде Қазақстанның белгілі әнші Қуандық Рахымның «Мен қазақпын» атты әнімен қарсы алған.

Руслан Абдуллаев 20 жаста. Ол биылғы әлем чемпионатының финалында моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсухпен кездесіп, әділ қазылар алқасының бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.  

Руслан Абдуллаев Ташкент облысы Кыбырай ауданы Қыпшақ ауылында 2002 жылы туған. Ол өткен жылы Оманда Азия чемпионы атағын жеңіп алған. 2020 жылы Қазақстанда шаршы алаңға шығып, еліміздегі жастар чемпионатының қола жүлдері болған.

Кейін Өзбекстанға оралып, 2021 жылы осы елдің чемпионы атағын жеңіп алған. Ол осы чемпионаттың үздік боксшысына берілетін «Руфат Рискиев кубогының» иегері атанған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама