Жағдайды қатты жел мен найзағай ушықтырған
FlyArystan ұшағы Шымкент қаласына қона алмай, Алматы әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
16 мамырда сағат 13:10-да ұшуға тиіс болған КС 7103 «Алматы-Шымкент» рейсі Шымкенттегі қолайсыз ауа райына байланысты (найзағай мен қатты жел) Алматыға қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Ұшып-қону жолағының қарсы беті жасанды кедергілердің (құрылыстардың) болуы салдарынан онда қону мүмкін болмаған.
«Ұшып-қону жолағының толық жұмыс істемеуі осы рейстегі барлық жолаушының жағдайын қиындатты. Өкінішке қарай Шымкент әуежайындағы ұшып-қону жолағы қашан толық іске қосылатынын білмейміз. Жақында құзырлы органдар бұл өткір мәселенің шешімін табады деп сенеміз», - деп жазылған хабарламада.
Аталған рейстің Алматыдан ұшу уақыты бүгін сағат 15:40-қа жоспарланған.
Біз рейстердің кешігу және мүлде ұшпай қалу жағдайының алдын алу бойынша барлық шараны қабылдаймыз. Бірақ кейбір жағдайды бақылай алмаймыз. Бүгінгі жағдайда рейстің кешігуіне әуе компаниясының кінәсі жоқ, - деп жазылған хабарламада.