×

Ақтөбе облысында 83 жастағы зейнеткер алаяққа алданып қалды

Ол күдіктіге 2 млн теңгесін берген

 Дәурен Ерболат 16.05.2023 | 17:10
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында полиция 83 жастағы зейнеткерді алдаған алаяқты іздеп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

15 мамырда 83 жастағы зейнеткердің телефонына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған.

Алаяқ зейнеткердің қызы жолдан өткенде көлік апатына ұшырағанын, апаттан зардап шеккен адамға шұғыл операция жасау үшін ақша керектігін айтқан.

Әңгіме барысында әйел қызының көмек сұраған дауысын естіген.

Біраз уақыттан кейін курьер зейнеткердің тұрғылықты жеріне келіп, 2 млн теңге алып, оны қызының жағдайы жақсы екеніне сендірген. Алайда 83 жастағы жәбірленуші алданғанын кеш түсінген, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде Ақтөбе облысының ПД қызметкерлері алаяқты іздеп жатыр.

Фотосуреттегі адамды танығандар 8-775-320-32-22, 8-776-780-48-18 нөміріне хабарласа алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама