Ол жазасын орта қауіпсіздік түзеу мекемесінде өтейді
Ақмола облысында құқық қорғау органының қызметкеріне пара берген әкім сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 15 мамырда Көкшетау қалалық сотының үкімімен Шортанды ауданы Шортанды кентінің экс-әкімі Ц. Мәмбет орта қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтеуге 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
Ол құқық қорғау органының қызметкеріне өзіне қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін 7,9 миллион теңге пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Сотталған азамат мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.