Олардың басым бөлігі – студенттер
Ақтөбеде тұрғындар тегін дөнер алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода тегін дөнер үшін ақтөбеліктердің кезекте тұрғанын көруге болады. Оның басым бөлігі – оқушылар мен студенттер.
Жергілікті техникумда жаңа фаст-фуд орны ашылған. Осыған байланысты олар арнайы акция ұйымдастырып, тегін дөнер таратқан.
Осыған орай, желі қолданушылары тегін акция ұйымдастыруға болмайтынын, қазақстандықтардың осындай «түк көрмегендей» әрекеттеріне ұялатынын жазып жатыр.