×

Ақтөбеліктер тегін дөнер үшін ұзын-сонар кезекке тұрды (ВИДЕО)

Олардың басым бөлігі – студенттер

 Дәурен Ерболат 16.05.2023 | 15:55
Фото: citydog.io

Ақтөбеде тұрғындар тегін дөнер алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода тегін дөнер үшін ақтөбеліктердің кезекте тұрғанын көруге болады. Оның басым бөлігі – оқушылар мен студенттер.

Жергілікті техникумда жаңа фаст-фуд орны ашылған. Осыған байланысты олар арнайы акция ұйымдастырып, тегін дөнер таратқан.

Осыған орай, желі қолданушылары тегін акция ұйымдастыруға болмайтынын, қазақстандықтардың осындай «түк көрмегендей» әрекеттеріне ұялатынын жазып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама