Тұрғындар ескерткішке құрметпен қарайды
Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттары Лениннің ескерткішін жөндеуге бюджеттен 1,5 млн теңге бөлуді қолдады, деп хабарлады YK-news.kz.
Алтай аудандық мәслихаты Ленин ескерткішін жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,5 млн теңге бөлуді мақұлдады.
1962 жылы тұрғызылған ескерткіштің қызыл гранит тұғыры жөнделеді. Бүгінде оны жөндейтін мердігер анықталмаған.
Сайттың мәліметінше, Владимир Лениннің қоладан құйылған ескерткіші Шығыс Қазақстанда тұрған.
Ол – совет көсемінің құрметіне қойылған жалғыз ескерткіш. Әлі күнге аудан орталығындағы алаңның сәнін келтіріп тұр. Халық бұл тарихи орынға құрметпен қарайды, – деп жазды басылым.