Pro Chess League (PCL) – жүлде қоры 150 мың АҚШ доллары болатын шахмат лигасы
Шахматтан Pro Chess League турнирінің финалында 16 жастағы Алуа Нұрманова қазіргі әлем чемпионы, қытай Цзюй Вэньцзюнді ұтты.
Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, Алуамен бір командада гроссмейстерлер Хикару Накамура, Владимир Федосеев пен Шамсиддин Вохидов өнер көрсетті.
Pro Chess League (PCL) – жүлде қоры 150 мың АҚШ доллары болатын шахмат лигасы. Ол 1 ақпаннан 15 мамырға дейін өтті.
Лиганың негізгі кезеңінде әлемнің мықты ойыншылары ойнады. Олар жарысқа 16 команданың атынан қатысты. Ішінде Магнус Карлсен, Хикару Накамура, Аниш Гири, Фабиано Каруано, Александр Грищук, Катерина Лахно және басқа да гроссмейстерлер болды.
Сонымен бірге, Алуа халықаралық гроссмейстерлер Адхибан Баскаранмен (Үндістан), Николас Теодорумен (Грекия), Бенджамин Бокпен (Нидерланды) тең түсті.
Алуа Нұрманова – Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, оқушылар арасында әлем чемпионы, кадеттер арасында әлем және Азия чемпионы.