×

Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны шарықтап кетті

Бұл Қазақстан теннисі тарихындағы рекордтық көрсеткіш болмақ

 Халық үні 15.05.2023 | 22:27
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте алғаш рет үздік 5 теннисшінің қатарына енді, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингте Е.Рыбакина 6-дан 5-інші орынға көтеріледі.

Бұл Қазақстан теннисі тарихындағы рекордтық көрсеткіш болмақ.

Қазір WTA Live рейтингінде қазақстандық теннисші америкалық Кори Гауфты басып озды. К.Гауфф Рим мастерс турнирінде үшінші айналымнан аса алмаған еді. Сол себепті ол ұпайларын жоғалтып, алтыншы сатыға сырғиды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама