Ол ҰҚК департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр
Бас прокуратура Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге жаңа бап бойынша айып тағып отыр, деп хабарлайды Sputnik.kz.
«Өткен аптада бас прокурордың аға көмекшісі Тәштенов Азат жаңа айып тақты», - делінген Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Құдайбергеннің үстінен Қылмыстық кодекстің 380-бабының 2-тармағы («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») бабымен іс қозғалған болатын.
Еске сала кетсек, ол 2022 жылдың сәуірінде қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды. ҰҚК департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр.