Ол – Қазақстанның 5 дүркін чемпионы
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Ертіс» футбол клубын қайта құру мәселесін көтерді. Бұл туралы ол Іnstagram-дағы парақшасына жазды.
Бүгінде біз «Ертіс» ФК-ның болашағына қатысты 2 жолды көріп отырмыз. Біріншіден, 3,1 млрд теңге қарызы бар әрі банкроттық рәсімінен өтіп жатқан клубты оңалту. Екіншіден, FIFA ережелері бойынша «Ертіс» ФК-мен аттас жаңа клуб құру. Оның ішінде ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы алдындағы 846 млн теңге берешекті өзіне міндеттеме ретінде қабылдау, – деп жазды Асайын Байханов.
Кеңес қорытындысы бойынша спорт басқармасына 10 күн ішінде демеушілік қаражатты тартып, «Ертіс» ФК-ны жандандырудың жол картасын әзірлеу тапсырылды.
Жоба мақұлданса, клубқа жергілікті ойыншыларды тартуға баса назар аударылады.
Еске сала кетсек, павлодарлық «Ертіс» футбол клубы 2020 жылы таратылған болатын.