Жеңімпазға 200 мың доллар беріледі
2024 жылы Астанада әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы IBA президенті Умар Кремлев айтты, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Мен Қазақстан сияқты мықты бокс шеберлері бар жерде IBA ірі турнирінің өтетініне қуаныштымын. Бұл жарыс 2016 жылы Астанада өткен, - деді Умар Кремлев Ташкентте (Өзбекстан) өткен Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) директорлар кеңесінде.
Сондай-ақ ол жарыстың жүлде қоры 2 есе өскенін атап өтті.
Бірінші орын алатын боксшыға 200 мың доллар береміз. Жалпы жүлде қоры – 4,8 млн доллар. Бұл сомаға ұлттық құраманың бас жаттықтырушысына тиесілі 10% кіреді. Мен чемпионатты асыға күтемін. Келесі жылы боксшыларды Астанада қарсы аламыз, - деді IBA президенті.