Ол мұндай шараларды қолдамайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 мамыр – туған күнінде жұмыс істейді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасына жазды.
Президенттің баспасөз қызметіне БАҚ-тан мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар түсіп жатыр. Осыған байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамырды жұмыс кестесіне сай өткізеді, - деп жазды президент әкімшілігі басшысының орынбасары.
Сондай-ақ бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталатыны хабарланған.
Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді, - деп атап өтті Руслан Желдібай.