Алматының кей аударында суық су болмайды
Уақытша қолайсыздықтар технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстарымен байланысты
Алматының бірнеше шағын ауданында суық суды жіберу уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, екі аудандағы бірнеше тұрғын алабы бір күнге суық сумен қамтудан ажыратылады.
«Алматы су» МКК-нің хабарлауынша, уақытша қолайсыздықтар технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстарымен байланысты.
Төменде өшіру кестесі берілген:
- 17 мамырда сағат 8-ден 20-ға дейін: Медеу ауданы, Атырау 1, 2, 3 ш/а.
- 18 мамырда сағат 9-дан 17-ге дейін: Әуезов ауданы, «Таугүл-1» ш/а. №44-52, «Таугүл-2» ш/а. №1-4, 7-9, 12-14, 21-30, 36-40, 95-97.