«Алматы әуендері» ресейлік әзілкештерге қатысты желідегі афишаға жауап берді
«Однажды в России» - 2014 жылы құрылған ойын-сауық форматындағы коммерциялық жоба
Әлеуметтік желіде Ольга Кортункова, Денис Дорохов, Давид Цаллаев және тағы басқа комедианттың қатысуымен Алматыдағы «Алматы әуендері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Za Россию!» концерті өтетіні туралы хабар тарады. Алайда мекемедегілер бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Алматы әуендері» КМҚК баспасөз қызметі таратылған «Za Россию!» баннер-афишасы жалған екенін хабарлайды. Афиша, күні, жарияланған форматы шындыққа сәйкес келмейді. Ресми афиша мен концерттік бағдарламада ешқандай саяси астар жоғын хабарлаймыз», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, ұйымдастырушымен концерттік залды жалға алу және «Однажды в России» сатиралық шоуын өткізу туралы келісімшарт 2021 жылдың 8 желтоқсанында жасалған. Концерттік бағдарлама қаңтар айына жоспарланған және екі рет 2022 жылдың мамыр айына ауыстырылған.
Бүгінге дейін ұжым Қазақстанның 8 қаласында, соның ішінде Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларында өнер көрсетті.
«Однажды в России» - 2014 жылы құрылған таза ойын-сауық форматындағы коммерциялық жоба. Қазақстандағы бағдарламаның форматы да тек қана комедиялық болып қала береді, бұл туралы «Алматы әуендері» ресми сайтында жарияланған.
Шоу қатысушылары:
- Ольга Картункова
- Екатерина Моргунова
- Денис Дорохов
- Михаил Стогниенко
- Максим Киселев
- Яна Кошкина
- Валерий Равдин
- Заур Байцаев
- Данияр Жұмаділов