×

Автокөлікті заңсыз тіркеумен айналысқан 30 адамға қатысты тергеу аяқталды

Мемлекетке 1,4 млрд теңге көлемінде залал келтірілді

 Динара Амантай 15.05.2023 | 12:09
Фото: www.uralskweek.kz

Антикоррупциялық қызмет Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің қызметкерлері мен азаматтық тұлғалар қатарынан ұйымдастырылған топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қылмыстық іс «Web-Модуль» және «ИИС ЦОН» ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау фактілері бойынша тергелді.

Қылмыстық топ 2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында заңнамада қарастырылған алымдар мен төлемдерді төлеместен шетелден әкелінген 475 автокөлікті заңсыз тіркеген. Осыған байланысты мемлекетке 1,4 млрд теңге көлемінде залал келтірілді. Барлығы 30 адам қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Олардың қатарында Астана қаласы бойынша №2 Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, 4 полиция қызметкері мен автокөліктерді заңсыз рәсімдеу бойынша өз қызметтерін ұсынған делдалдар бар.

Қазір қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама