Өзбекстанда IBA өткізген әлем чемпионаты төбелеске ұласты (ВИДЕО)

Дастан Жұмабекұлы

Жанкүйерлер орындықтардан секіріп, бір-біріне қол ала жүгірген

Фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатының соңы төбелеске ұласты.

Obozrevatel.com-ның хабарлауынша, әлем чемпионатында кезекті жекпе-жек аяқталысымен жанкүйерлер орындықтардан секіріп, рингке қарай барып, бір-біріне қол ала жүгірген.  

Тағы бір видеода жергілікті көрермендердің бокс қолғаптарын алып кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған.

Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты – Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтетін жарыс. Оның басшысы Ресей азаматы – Умар Кремлев.

IBA Ресей құрамасына бұл жарысқа қатысып, әнұранын шырқауға рұқсат берді. Осыған байланысты әлем чемпионатына Ұлыбритания, АҚШ, Ирландия, Чехия, Канада, Швеция, Жаңа Зеландия мен басқа да мемлекеттер бойкот жариялады. Бұл елдер IBA-ға балама бокс федерациясын құруды жоспарлап отыр.