Halyq Uni логотип
×

Түркиядағы президент сайлауы кезінде 3 адам көз жұмды

Қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған әлі 50 пайыз дауыс жинамаған

 Еркеғали Болатұлы 15.05.2023 | 10:16
Түркиядағы президент сайлауы кезінде 3 адам көз жұмды
фото: AFP 2023/YASIN AKGUL

Түркияның әртүрлі қаласындағы сайлау учаскелерінде кеше өткен сайлау кезінде 3 адам қайтыс болды. Тағы бір учаскеде сылақтың құлауы салдарынан адамдар зардап шеккен, деп хабарлады TRT Haber.

Басылымның хабарлауынша, Ризе қаласында сайлау кезінде бақылаушы Шереф Куртта жүрек ұстамасы болған. Шұғыл түрде жедел жәрдем шақырылып, 65 жастағы ер адамға медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер Куртты аман алып қала алмаған.

Сонымен қатар, Трабзон қаласында 75 жастағы Айсел Улусой туыстарымен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру кабинасында ауырып қалған. Ол ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болған.

Тағы бір қайғылы оқиға Гиресун қаласында болды. Онда 85 жастағы Исмаил Йылдыздың жүрегі ауырып қалған. Ол жедел жәрдем келген соң қайтыс болды.

Сондай-ақ Ыстамбұлда мектептегі сайлау учаскелерінің бірінде төбеден бірнеше сылақ құлаған. Екі бақылаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқиғадан кейін де ғимаратта дауыс беру жалғасқаны айтылады.

Айта кетейік, Түркияда 14 мамырда өткен президент сайлауынан кейін дауыс санау аяқталып жатыр. Сайлау нәтижесі бойынша қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған көш бастап тұр, бірақ ол әлі 50 пайыз дауыс жинамаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама