Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

Мамырдың 12-сінде қабылдаған шаралардың нәтижесінде ер адамның денесі Сандықтау ауданының аумағынан табылды

 Халық үні 15.05.2023 | 06:45
Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды
Фото: ҚР ІІМ

Ақмола облысының Целиноград ауданында он күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, Целиноград ауданының 29 жастағы тұрғыны Шыңғыс Мұстафинге биылғы жылғы мамырдың 3-інде іздеу жарияланған. Оны іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге әскери қызметшілер, еріктілер, туыстары мен таныстары атсалысты.

«Мамырдың 12-сінде қабылдаған шаралардың нәтижесінде ер адамның денесі Сандықтау ауданының аумағынан табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады ведомство.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері жоғалып кеткен ер адамның Сандықтау ауданы аумағына автокөлікпен келгенін, кейін көліктің Сандықтау ауылында тұрғанын анықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама