«Күтпеген оқиға болды»: Санжар Тәшкенбай 200 мың доллардың сертификатын жерге тастай салды

Халық үні

Ташкентте өткен әлем чемпионатында 19 жастағы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды

ашық дереккөзден

Кеше, 13 мамырда бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында күтпеген оқиға болды.

Санжар Тәшкенбай әнұран басталарда қолын жүрек тұсына қою үшін 200 мың доллардың сертификатын жерге қоя салған. Желі қолданушылары боксшының осы әрекетін байқап, оған риза болды. 

«200 мың долларды жерге тастай салды ғой, жарайсың», «Қолын кеудесіне қою үшін ақшаны жерге қоя салды, жарайсың, азамат екенсің Тәшкенбай!», «Қаншама елдің алдында суырылып шығып, қазақтың әнұранын шырқатты, жарайсың бауырым», - дейді видеоны көрген желі қолданушылары. 

Еске салайық, 13 мамырда Ташкентте өткен әлем чемпионатында 19 жастағы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды. Отандасымыз финалда грузин боксшысы Сахил Алохвердовиді жеңді.