21 жастағы қазақстандық боксшы Қытай құрамасынан шыққан қандасты жеңді

Халық үні

Жастар арасында әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта финалда қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен чемпиондық атақ үшін рингке шықты.

Фото: baq.kz

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Нұрбек Оралбай Қытай құрамасынан шыққан қандасты жеңді.

Жастар арасында әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта финалда қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен чемпиондық атақ үшін рингке шықты.

Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі қазақстандық боксшыны басым деп тапты. Екінші кезең – 3:2. Жекпе-жек қорытындысында Нұрбек Оралбай жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігін 4 алтын, 1 күміспен аяқтады. Бұл – рекордтық нәтиже.