×

Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов еліміздің қоржынына үшінші алтынды салды

Финалда 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Шымбергенов өзбекстандық боксшы Саиджамшид Жафаровпен айқасты. 

 Халық үні 14.05.2023 | 19:28
ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды.

Финалда 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Шымбергенов өзбекстандық боксшы Саиджамшид Жафаровпен айқасты. 

Асланбек бірден жекпе-жек тізгінін қолына алды. Өзбекстандық боксшының мұрны да қанады. Бірінші раунд есебі – 5:0. Екінші кезеңде таразы басы С.Джафаровқа ауды – 3:2.

Қорытынды есеп – 5:0. Асланбек чемпион атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама