×

Алматы облысында казино өкілінен пара алған шенеуніктер әшкереленді

Олар қамқорлық көрсеткені үшін 1000 доллар пара алған

 Ербол Тұрымбет 15.04.2022 | 19:16
көрнекі фото: makao.kz

Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары («үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды) және Қапшағай қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы жемқорлық жасады деген күдік бойынша әшкереленді.

Олар алдын ала сөз байласу арқылы казино өкілінен 1000 АҚШ доллары сомасында жалпы қамқорлық үшін пара алған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Қылмыстық кодекстің 366-бабында айтылғандай, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның (пара алған жағдайда) мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама