Ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді
Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанды.
Бұдан екі жыл бұрын Белградта өткен әлем чемпионатында күміс жүлде алып, «қазақтың Ломаченкосы» атанып кеткен түркістандық Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Джизак облысының өкілі Ойбек Джураевпен қолғап түйістірді.
Бірінші раунда Махмұд соққыларын дәл жұмсап, төрешілердің назарын өзіне аудартты. Есеп – 5:0. Екінші кезеңде 5 қазының төртеуі басымдықты қазақ боксшысына берді. Үшінші раундта Махмұд Сабырхан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Сөйтіп оны бет қаратпай, айқын басымдықпен ұтты.
Осылайша, Махмұд Сабырхан Санжар Тәшкенбайдан кейін Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.
Бүгін сондай-ақ Қазақстаннан Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай финалда өнер көрсетеді.