Төртінші үміткер шығып қалды: Түркияда президент сайлауы өтіп жатыр
Мухаррем Инжеге әртүрлі арандатушылық пен жалған ақпарат түріндегі шамадан тыс қысым жасалған
Бүгін Түркияда президент сайлауы басталды. Мемлекет басшысы болуға 3 үміткер таласып жатыр. Оның бірі – қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған.
Сонымен, Түркия азаматтары елдің қазіргі басшысы Режеп Тайып Ердоған, алты оппозициялық партияның коалиция кандидаты және Республикалық халық партиясының төрағасы Кемал Кылычдароғлу, «Ататүрікшілер альянсынан» үміткер Синан Оганға дауыс бере алады. Ал төртінші үміткер Мухаррем Инже сайлауға 3 күн қалғанда бұл қатардан шығып қалды. Оның сайлаудан бас тартуына өзіне әртүрлі арандатушылық пен жалған ақпарат түріндегі шамадан тыс қысым себеп болыпты.
Айта кетейік, Режеп Тайып Ердоған жеңіске жеткен жағдайда бұл оның үшінші рет президенттікке сайлануы болмақ. Ол алғаш рет мемлекет басшысы лауазымына 2014 жылдың тамызында келді. 2018 жылы 24 маусымда өткен президенттік сайлауда ол 52,59 пайыз дауыс жинап, осы лауазымға қайта сайланды.
Сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жету үшін мемлекет басшысы лауазымына үміткер 50 пайыздан аса дауыс жинауы керек. Әйтпесе, сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Оған біріншісінде ең көп қолдау тапқан екі үміткер қатысады.