×

Қызылордада жаппай төбелес кезінде 2 адам жарақат алды

Күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр

 Динара Амантай 13.05.2023 | 17:02
Фото: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер ізін суытпай бұзақылық жасаған күдіктілерді құрықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 7 шамасында ПБ-ға көпқабатты үй ауласында белгісіз азаматтар қару қолданып, төбелесіп жатқандығы туралы хабарлама түскен. Жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып, жанжалдасып, барлығы оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды. Екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тас жолында құрықталды. Қалған күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты. Оқиға орнынан және автокөліктен айғақты заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді, – деді Қызылорда ОПД Криминалды ПБ бастығының орынбасары Рустам Сайдильдинов.

ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама