×

Оралда жасөспірім қыз көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды (ВИДЕО)

Оқиғаның себептері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 13.05.2023 | 14:30
Фото: видеодан скриншот

Оралда полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше кешке «102» арнасына кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы өтініш келіп түскен. Департаменттің барлық жеке құрамы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды. Таңертеңгі уақытта көп қабатты үйлердің бірінің төбесінде секіргелі тұрған қыз бала табылды.

Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жадигеров пен Әділ Сахипкереев баланы уақытында райынан қайтарып, аман алып қалды. Қазір жасөспіріммен психологтар жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама