Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде заңсыз иеленген жерлер мемлекетке қайтарылды

Жер заңнамасының нормаларын бұзу фактілерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр

 Динара Амантай 13.05.2023 | 12:47
Ақтөбеде заңсыз иеленген жерлер мемлекетке қайтарылды
Коллаж: halyq-uni.kz

Жер заңнамасының нормаларын бұзу фактілерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жер ресурстарын басқару Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары облыстық мәслихат депутаты, полиция, басқада құзырлы органдардың өкілдерімен бірлесіп, Ақтөбе қаласы 12-ші шағын аудан №45 үй мекен-жайында мемлекетке тиесілі ортақ пайдаланылатын жерде заңсыз басып алынған жер учаскесінде заңсыз орнатылған қоршау бұзылып, жер тұрғындар мүддесіне қайтарылды. Енді тұрғындар тұрғын үйдің ауласы арқылы мектепке және емханаға қолайлы жолмен бару мүмкіндігін алды.

Маманның айтуынша, дәл осындай жұмыстар қала орталығында орналасқан бірнеше ірі бизнес субъектілері («Рахат», «Сарқыт» мейрамханалары мен «Қоныс» спорт кешені) тарапынан заңсыз иеленген жер учаскелері де мемлекетке қайтарылып, қала тұрғындары мен қонақтарға серуендеу үшін жағдай туғызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама