Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында жұмысшы өндіріс орнында жарақат алды

Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр

 Динара Амантай 13.05.2023 | 10:01
Ақмола облысында жұмысшы өндіріс орнында жарақат алды
Фото: Halyq Uni

Ақмолалық полицейлер өндірістік жарақат алған азаматқа қатысты оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Ақмола облысында жұмыс орнында жүрген жас жігіт басынан жарақат алған. Медициналық көмек алу үшін ақмолалық Астана қаласының травматология және ортопедия орталығына жүгінген.

Жедел-тергеу тобы анықтағандай, 24 жастағы ер адам 6 мамырда сағат 19:00 шамасында Целиноград ауданының кәсіпорындарының бірінде жұмыс барысында өндірістік жарақат алған. Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, ол құлау нәтижесінде абайсызда бас сүйек пен мидың жабық жарақаты мен мидың соғылуы жарақатын алған.

Полиция бөлімінде аталған дерек ҚР ҚК-нің 156-бабының бірінші бөлігі («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама