Бокстан ӘЧ: бес боксшымыз алтын үшін таласады

Халық үні

Қазақстан екінші орында, елімізден бес боксшымыз алтын үшін таласады.

ашық дереккөзден

Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында финалға шыққан спортшылар анықталды.

Соңғы бәсекеге қатысатын боксшылар жөнінде шаршы алаң иелері - Өзбекстан құрамасы (7 финалист) көш бастап тұр.

Қазақстан екінші орында, елімізден бес боксшымыз алтын үшін таласады.

Кубадан - 4, Франция мен Ресейден екі-екіден, Грузия, Моңғолия, Бразилия, Қытай, Әзербайжан және Италиядан бір-бірден спортшы финалға шықты.

Қазақстандықтардан Санжар Тәшкенбай (48 кг) финалда грузиялық Сахил Алахвердобимен, Махмұд Сабырхан (54 кг) өзбекстандық Ойбек Джураевпен, Дулат Бекбауов (67 кг) Асадхуджа Муйдинхуджаевпен, Асланбек Шымбергенов (71 кг) Саиджамшид Джафаровпен (екеуі де - Өзбекстан), Нұрбек Оралбай (80 кг) Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатханмен қолғап түйістіреді.